Жеке умра · Алматыдан

Умраны топқа емес, сізге бейімдейміз

Күнді, әуе компаниясын, қонақ үйді және сапар ұзақтығын өзіңіз таңдайсыз. Қалғанын — визаны, трансферді, ұстазды, зияратты — Qazaq Sapar ұйымдастырып, жол бойы қасыңызда болады.

Күндізгі Харам: Қағба мен ақ мәрмәр матаф
  • 2020 жылдан бері умра мен қажылық
  • ≈ 1 000 қажы умраға барып келді
  • 2023–2026 төрт қажылық маусымы
  • Туркод және шарт — әр сапарға

Кімге арналған сапар

Әр қажының өз жолы бар. Біз соған қарай жоспарлаймыз

Кім баратынын таңдаңыз — біз нақты не істейтінімізді және сапардың мысалын бағасымен көрсетеміз.

Ата-анаңызды бізге сеніп тапсыра аласыз

  • Қонақ үй — Харамға жаяу 5 минуттан алыс емес: жасы үлкен адамға көп жүру ауыр. Қонақ үй Харамнан 5 минутта
  • Ұстаз умраны олармен бірге, қадам сайын атқарады. Ұстаз умра бойы қасында
  • Қажет болса — арба мен көмекші, тәуап пен сағиға арнайы. Тәуап пен сағиға арба мен көмекші
  • Дәрілерін, ас мәзірін, күн тәртібін алдын ала жазып аламыз. Дәрі мен күн тәртібі ескеріледі
  • Сізге күн сайын қысқа хабар мен фото жібереміз. Сізге күн сайын хабар мен фото

Ата-аналарға алдымен Мәдинаны ұсынамыз: жол жұмсақ басталады, ихрамды миқатта асықпай киеді.

Сапар мысалыQS-27-9244

Ата-анама · 2 ересек

Желтоқсан 2026 · 10 күн

  • Алғаш рет
  • Жасы үлкен қажы бар
  1. Алматы → МәдинаТікелей рейс
  2. Мәдина · 4 түнМешіттің қасында · 0–3 мин
  3. Мекке · 5 түнХарамға жаяу 5–10 мин
  4. Жеке көлік, жүргізушіменБөлмеде 2 адам

Ұстаз-гид · Мекке зияраты · Мәдина зияраты · Арба және көмекші · Кешкі ас

Бағдарлы бағабір адамға$2 650 – 3 350
Осындай сапар құрастыру

Формат

Жеке сапар немесе топтық тур

Екеуі де дұрыс таңдау. Айырмашылығын біліп алыңыз — қайсысы сізге ыңғайлы екенін бірге шешеміз.

Жеке сапар Qazaq Sapar Топтық тур
Күндер Кез келген күн, 1–3 күннен бастап Бекітілген күндер, әдетте 7–14 күн
Кіммен Тек сіз және жақындарыңыз Топ, әдетте 40–60 адам
Қонақ үй Кез келгенін өзіңіз таңдайсыз Бағдарламада бекітілген
Ұшу Кез келген әуе компания — тікелей немесе ауысып Топтың рейсі
Қарқын Өз кестеңіз, демалыс өзіңізге ыңғайлы Топтың ортақ кестесі
Баға Таңдауыңызға байланысты — тек керегіне төлейсіз Әдетте төменірек, бәрі пакетке кіреді
Кімге лайық Ата-аналарға, отбасыларға, жұптарға, ерекше тілегі барларға Көппен бірге баруды ұнататындарға

Топпен барғыңыз келсе — Qazaq Sapar-да топтық Comfort+ және Umra+ бағдарламалары да бар. Топтық бағдарламалар

Бағдарлы баға

Шамамен қанша тұратынын 30 секундта біліңіз

Төрт сұраққа жауап беріңіз — есеп бірден жаңарады. Толық нұсқасын құрастырушыда жинайсыз.

Бағдарлы баға · бір адамға $2 300 – 2 900 Барлығы: $4 600 – 5 800 · 2 ересек · 10 күн
Кім барады?
Қашан?
Неше күн?
Қонақ үй

Қалай жұмыс істейміз

Алғашқы хабарламадан үйге оралғанға дейін

Алты қадам. Сізден — тек шешім мен құжаттар, қалғаны — біздің жұмысымыз.

  1. 1 Сіз

    Сіз айтасыз

    Құрастырушыда немесе WhatsApp-та: кім барады, қашан, қандай деңгейде. Тілегіңізді еркін жаза беріңіз.

  2. 2 Біз

    2–3 нұсқа ұсынамыз

    Нақты рейстер, қонақ үйлер және бағасы. Салыстырып, өзіңізге ыңғайлысын таңдайсыз.

  3. 3 Бірге

    Шарт және туркод

    Шартқа отырамыз, сапарды «Туристік Қамқор» жүйесінде тіркейміз, төлем кестесін келісеміз.

  4. 4 Біз

    Дайындық

    Визаны рәсімдейміз, жеке кеңес береміз: умраның тәртібі, киім, дұғалар, денсаулық.

  5. 5 Біз

    Сапар

    Күтіп аламыз, жеткіземіз, умраны бірге атқарамыз. Тәулік бойы байланыстамыз.

  6. 6 Бірге

    Оралғаннан кейін

    Байланыс үзілмейді. 1 жылдық виза кезінде қайта барсаңыз — $150 жеңілдік.

Қашан барған дұрыс

2026/27 маусымының күнтізбесі

Ауа райы, адам саны және баға — ай бойынша. Айды таңдап, ерекшелігін оқыңыз.

  • Меккедегі күндізгі температура
  • Харамдағы адам саны
  • $$$Баға деңгейі

Қараша 2026

Ең қолайлы

Ыстық басылады, бағалар әлі төмен, Харам кеңірек. Алғаш баратындарға және ата-аналарға ең қолайлы ай.

Мекке
≈ 35°C
Мәдина
≈ 30°C
Адам саны
Адам аз
Бағалар
Төмен

Исламдық күндер (Рамазан, Арафат) — астрономиялық есеп, Умм әл-Құра күнтізбесі бойынша нақтыланады. Температура — орташа күндізгі максимум.

Сапар түрлері

Жеке умрадан қажылыққа дейін

Негізгісі — жеке умра. Бірақ топпен баруды ұнататындар мен қажылыққа жиналғандар үшін де бағдарлама бар.

Негізін қалаушы

Біз көлем қумаймыз — сондықтан әр сапарды негізін қалаушы өзі жүргізеді

Асхат Турганбаев — шығыстанушы-тарихшы және арабист, туризмде 10 жылдан астам. Ірі операторлар бір маусымда мыңдаған қажы жібереді. Qazaq Sapar-да адам аз, бірақ әр сапар Асхаттың жеке назарында: араб тілін білгендіктен, қонақ үйлермен және жергілікті серіктестермен өзі сөйлеседі, ал зиярат кезінде қасиетті жерлердің тарихын тарихшы ретінде айтып береді.

Жанмен әрі мағынамен сапар шегіңіз

— Асхат Турганбаев, Qazaq Sapar-дың ұстанымы
  • Шешім қабылдайтын адаммен тікелей байланыс

    Сұрағыңыз колл-орталықта тұрып қалмайды — жауапты негізін қалаушы мен команда береді.

  • Сапар алдындағы жеке кеңес

    Денсаулық, жас, ас мәзірі, дәрілер — алдын ала біліп, жоспарға енгіземіз.

  • Араб тілінде — өзіміз сөйлесеміз

    Қонақ үй, көлік, жергілікті серіктестер — мәселе туса, делдалсыз, сол жерде шешіледі.

  • Зиярат — тарихшының көзімен

    Қасиетті жерлерді тек көрсетпейміз — олардың тарихы мен мағынасын түсіндіреміз.

  • Тәулік бойы байланыс

    Сапар кезінде қай сағатта жазсаңыз да — жауап береміз. Жақындарыңызға да хабар береміз.

  • Оралғаннан кейін де бірге

    Бір жыл ішінде қайта барсаңыз — $150 жеңілдік, виза дайын.

Сізбен бірге жүретіндер

Компания туралы

Бізді тексеріңіз

Компания таңдағанда нені тексеру керек — және біздің жауабымыз

Бұл тізімді өзіміз жиі айтамыз: бағаға ғана емес, осы бес нәрсеге қараңыз. Бізді де дәл солай тексеріңіз.

Қажылық компаниясын қалай таңдау керек
  1. 01

    Ресми хадж-квота бар ма?

    Иә. 2027 маусымында ресми квотамен, серіктесіміз Atlas Tourism-пен бірге жұмыс істейміз.

    Серіктестік туралы пост
  2. 02

    Компания ресми тіркелген бе?

    ЖШС «QAZAQ SAPAR», 2018 жылдан бері. БСН бойынша egov.kz немесе stat.gov.kz сайтынан тексеріңіз.

  3. 03

    Шарт пен туркод бере ме?

    Иә, әр сапарға. Туркод сапардың «Туристік Қамқор» жүйесінде тіркелгенін растайды.

  4. 04

    Нақты пікірлер бар ма?

    Қажыларымыздың бейнепікірлері Instagram-да — 2023–2026 маусымдары.

    Қажылық 2026 пікірлері
  5. 05

    Сапарда кім ертіп жүреді?

    «Нұр-Мүбарак» түлектері — гид-ұстаздар. Діни сұрақтарға шариғи бөлімнің теологы жауап береді.

Пікірлер

Қажыларымыз — өз сөзімен

Пікірлерді сайтқа әдейі көшірмейміз: оларды түпнұсқасында, адамдардың өз дауысымен көріңіз.

Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауабын таппасаңыз — жазыңыз, бір адам жауап береді, бот емес.

Сұрақ қою
Жеке умра топтық турдан қымбат па?

Міндетті түрде емес. Төмен маусымда, үнемді қонақ үймен және бөлмеде 3–4 адам болса, жеке сапар топтық турмен шамалас шығады. Айырмашылығы — сіз тек өзіңізге керек нәрсеге төлейсіз. Бағдарлы соманы құрастырушыда бірден көресіз.

Сапарды қанша уақытта ұйымдастыруға болады?

Жеке умраны әдетте 2–3 аптада жинаймыз. Рамазанның соңғы он күніне — 3–4 ай бұрын, қажылыққа — шамамен бір жыл бұрын жоспарлаған дұрыс.

Мекке мен Мәдинада неше күн болған дұрыс?

Ең жиі таңдау — 8–10 күн: Мәдинада 3–4 түн, Меккеде 4–5 түн. Уақыт тығыз болса, тек Меккеге 3–5 күнге баруға болады — умраның өзіне бір күн жеткілікті.

Қандай құжаттар керек?

Шетелге шығу паспорты (сапардан кейін кемінде 6 ай жарамды), ақ фондағы фото, балаларға — туу туралы куәлік. Визаны өзіміз рәсімдейміз.

«1 жылдық виза» дегеніміз не?

Сауд Арабиясының туристік электронды визасы бір жыл бойы жарамды және бірнеше рет кіруге мүмкіндік береді. Бізбен барып, бір жылдың ішінде қайта барғыңыз келсе — $150 жеңілдік жасаймыз.

Туркод деген не және ол не үшін керек?

Туркод — «Туристік Қамқор» қорының жүйесінде сапарыңызға берілетін код. Ол сапардың ресми тіркелгенін растайды: туроператор міндеттемесін орындай алмаса, қор туристі елге қайтаруды ұйымдастырады. Біз әр сапарға шарт пен туркод береміз.

Сайттағы баға соңғы баға ма?

Жоқ, бұл бағдарлы есеп: билет пен қонақ үйдің бағасы күн сайын өзгереді. Нақты нұсқаларды рейстер мен қонақ үйлердің аттарымен жібереміз, ал келісілген соманы шартта бекітеміз.

Төлем қалай жасалады?

Шарт жасасқаннан кейін алдын ала төлем жасалады, қалғанын сапарға дейін төлейсіз. Нақты кестені сапар түріне қарай келісеміз.

Ата-анам біздің ешқайсымызсыз бара ала ма?

Иә. Ұстаз-гид умраны олармен бірге атқарады, барлық жол бізбен, қажет болса арба мен көмекші береміз. Сізге күн сайын хабар жіберіп отырамыз.

Әйел адам махрамсыз бара ала ма?

Сауд Арабиясының қазіргі ережесі бойынша 18 жастан асқан әйелдерге махрамсыз умра визасы беріледі. Мәселенің шариғи жағын біздің теолог маманымызбен жеке талқылауға болады — көбіне әйел туысымен немесе отбасылық топпен бару ұсынылады.

Балаларды алып баруға бола ма?

Иә, умраға балалармен баруға болады. Қыс айларын, отбасылық нөмірді және демалыс уақыты бар бағдарламаны ұсынамыз.

Екпе керек пе?

Қажылыққа менингококқа қарсы (ACWY) екпе міндетті. Умраға талаптар маусымға қарай өзгеруі мүмкін — сапар алдында қазіргі талапты нақты айтамыз. Созылмалы ауруы барлар дәрігермен кеңескені жөн.

Күніне қанша жүруге тура келеді?

Тәуап пен сағи бірге — шамамен 5–7 км, ал күнделікті намазға бару да біраз жол. Жүру қиын болса — Харамға жақын қонақ үй мен арба таңдаңыз, біз көмекші береміз.

2027 жылғы қажылық қанша тұрады?

Standard Hajj — $6 500, төрт адамдық бөлмеде. Comfort Hajj: 4 адамдық бөлмеде — $7 900, 3 адамдықта — $8 400, 2 адамдықта — $8 900. GMC мен күшейтілген сүйемелдеуі бар Sheraton Luxe: $15 000, $17 000 және $19 000. Баға бір адамға шаққанда, оған ұшу, виза, қонақүйлер, көлік, Минадағы лагерь мен бағдарлама бойынша тамақ кіреді. Comfort Hajj-ге толық төлесеңіз — қомақты жеңілдік.

Standard, Comfort Hajj және Sheraton Luxe-тің айырмашылығы неде?

Қажылық күндері бәріне бірдей — 14–19 мамыр. Standard — 9–23 мамыр: Шымкенттен Air Astana, Меккеде Ajyad ауданындағы қонақүй, қажылықтан кейін Мәдина, бөлме төрт адамға. Comfort Hajj — 7–20 мамыр: Алматыдан ұшу, Мәдинадан басталады, Haramain пойызы, Меккеде Anan Hotel by Snood не сондай деңгейдегі қонақүй, Жамаратқа ≈ 3–4 км жердегі лагерь. Sheraton Luxe — 7–20 мамыр: GMC Yukon XL жеке трансферлері, Sheraton Makkah 5★, Жамаратқа ≈ 750 м жердегі ALIF лагері, шағын топ және фиқһты білетін ұстаз.

2027 жылғы қажылыққа қалай жазылуға болады?

Пакет пен бөлмені таңдап, өтінім қалдырасыз және орынды $1 000 депозитпен бекітесіз. Содан соң — шарт және құжаттарды бірге рәсімдеу. Қажылық квотасын серіктесіміз Atlas Tourism-нен аламыз, бағдарламаны толығымен Qazaq Sapar қалыптастырады.

2027 жылғы қажылық қашан?

Comfort Hajj пен Sheraton Luxe — 2027 жылғы 7–20 мамыр, 14 күн, Standard — 9–23 мамыр, 15 күн. Арафат күні — 15 мамыр (9 зұлхижжа), Құрбан айт — 16 мамыр. ҚМДБ мен Сауд Арабиясының хабарландыруына қарай күндер бір күнге жылжуы мүмкін.

Ата-анам менсіз барады. Олардың жағдайын қалай білемін?

Sheraton Luxe-те әр қажының отбасымен байланыстамыз: ұшып келгенін, орналасқанын және негізгі кезеңдерді хабарлаймыз, үйлестірушінің байланысын ұшуға дейін бересіз. Standard пен Comfort Hajj-де бүкіл жолда Qazaq Sapar кураторлары қасында болады.

Қажылық амалдарын білмесем ше?

Дайындық сол үшін керек: ұшу алдындағы семинарлар мен Мәдина, Меккедегі қажылық мектебі. Машаир күндеріне қарай әр қадамды түсінесіз.

Бағдарлама қашан түпкілікті болады?

1448 жылғы қажылық бағдарламасын Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрлігі ресми бекіткен соң. Қонақүй ауысса — деңгейі төмен емес нұсқа ұсынып, әр қажыға толық төлемге дейін алдын ала хабарлаймыз.

Сіздерді қалай тексеруге болады?

ЖШС «QAZAQ SAPAR», БСН 180640034685 — egov.kz немесе stat.gov.kz арқылы тексеріңіз. Әр сапарға шарт пен туркод береміз, ал қажыларымыздың пікірлері Instagram-да — @qazaqsapar.

Пайғамбар мешітінің ауласындағы шатыр-қолшатырлар

Байланыс

Сапарыңызды бүгін бастаңыз

Құрастырушыда 2 минутта жоспар жасаңыз немесе бірден жазыңыз — Асхат пен Qazaq Sapar командасы жауап береді.

Асхат Турганбаев Асхат Турганбаев Qazaq Sapar негізін қалаушы · @askhatturganbaev

Күн сайын 10:00–18:00 · сапар кезінде — тәулік бойы

Қайта қоңырау шалайық па?

Қашан ыңғайлы?
Сұрақ қою